«Көптеген мүгедектігі бар жандар бүгінде еңбекке араласқысы келеді, мемлекеттің дамуына, қоғамның гүлденуіне өздерінше үлес қосуға ықыласты. Осыған орай Жолдауда да қазіргі қоғамда мүгедектердің өзін-өзі жетілдіруінің маңызы айтылады», - дейді Ж.Қожжанов.
Оның айтуынша, бүгінде мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға көптеген көмек көрсетіп, жол ашуда.
«Қазіргі таңда жұмыс орындары көптеп ашылып, қоғамда қызмет етуге ниетті жандарға кедергі келтірер нәрселер алынып, халыққа жағдай жасалуда», - дейді төраға.