Ұлттың денсаулығы

2014 жылы ДСМ онкологиялық науқастарды емдеудің халықаралық стандарттарына көшеді - С. Қайырбекова

2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық науқастырды емдеудің халықаралық стандарттарына толығымен көшеді, деп бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:15

«Есептік кезеңде елімізде және шетелде халықаралық медициналық құралдарды игеру үшін 370 маман оқытылды. 2014 жылы біз обыр дертіне шалдыққандарды емдеу бойынша халықаралық талаптарға толығымен көшеміз. Бұл саланың мамандары аты жаман ауруды алдыңғы сатыда анықтауды басты назарда ұстауы керек», - деді  С. Қайырбекова.

Осы мақсатта 2013 жылы еліміздегі амбулаторлық емханаларда 54 онколог, 138 мамолог кабинеті ашылды. Бүгінгі күннің басты міндеті - аурудың соңғы сатысында хирургиялық араласудан, оның алғашқы сатысында кіші онкологияның жоғарғы тихнологиясына көшу болып табылады.

«Қазіргі таңда, онкологиялық стационарлар қаржылай толығымен қамсыздандырылған. Ал, ем қабылдаушыларға  100% дәрі-дәрмек берілді. Сондай-ақ, алғашқы көмек көрсету саласының жұмысы күшейтілді.  Ендігі кезекте нақты шаралар және нәтиже  керек», - деп  С. Қайырбекова атап өтті.




Яндекс.Метрика