Ұлттың денсаулығы

2018 жылы бала өлімінің көрсеткіші Еуроодақ көрсеткішімен теңесіп, 3,5-ке жетеді – С.Қайырбекова

Қазақстанда 2018 жылы бала өлімінің көрсеткіші Еуроодақ көрсеткішімен теңесіп, 3,5-ке жетеді, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Премьер-Министрдің қатысуымен өткен министрліктің кеңейтілген отырысында.
Астана қаласы28 Қаңтар , 16:50

«Елдің бәсекеге қабілетітілігінің жаһандық индексінің басты индикаторларының бірі бала өлімінің көрсеткіші болып табылады. 2013 жылы бала өлімі көрсеткіші 17% төмендеді. 2008 жылмен салыстырғанда аталмыш көрсеткіштің төмендегенін ескерсек, соңғы 3 жылда бала өлімі 1,3 есе азайған. 2018 жылы еліміздегі бала өлімі көрсеткіші Еуроодақ көрсеткішімен теңесіп, тірі туылған 1000 балаға шаққанда 3,5-ті құрайды. Бұған қол жеткізу қиын, алайда орындауға болады. Біз нәресте шетінеуін барынша азайтып, осы бағыттағы жұмыстарда ең алдымен өңірлермен жұмыс жасауымыз керек», - деді Бас дәрігер.

Министрдің айтуынша, Ақмола, Жамбыл, Алматы облыстарында туу көрсеткіші көп болғанымен, балалардың өлім деңгейі де, өкінішке қарай, азаймай отыр.

«Жаңадан туылған нәрестелердің шетінеуінің алдын алу бағытында жұмыстар жалғасын табуда. Радиациялық онкологияның 5 өңірлік жоғарғы технологиялық орталығы құрылады. Қызмет көрсету шараларының сапасыздығы кесірінен нәрестенің шетінеуі көрсеткіші өткен жылы республика бойынша 3% азайды», - деді С.Қайырбекова.




Яндекс.Метрика