Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ТҚҚ жою секторы мен жеке сектордың әріптестігі өте тиімді болуы мүмкін – Е. Досаев

ТҚҚ жүйесі – бұл мемлекеттік және жеке меншік әріптестік тиімді болатын секторлардың бірі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қаңтар , 13:36

Үкімет отырысында ТҚҚ бағдарламасын жаңғырту мәселесі талқыланды. Осы орайда Е. Досаев бірінші кезекті бөлімде мемлекет пен жеке серіктестіктің жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті.

«Бұл МЖС өте тиімді болатын секторлардың бірі», - деді министр.

Сондай-ақ, Е. Досаев айтқандай, барлығы жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты болады. Оған өңдеу зауыттары мен жеке қалдықты жинау жүйесі де белсенді араласуы қажет.

«Біз жұмысты бастап та кеттік. МЖС қазақстандық орталығымен біріге отырып біз бұл жұмысты бастауға дайынбыз. Тағы екі пилоттық жоба - Ақтаудағы зауыттың инвесторы болса, Қарағандының жобасы енді басталды», - деді министр. 




Яндекс.Метрика