Өңірлер

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы электр энергиясын алдын ала 100%-дық міндетті төлем талабына қарсы

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы энергоүнемдеу ұйымдарының 2013 жылдың 18 наурызындағы «Энергоүнемдеу типтік келісімін мақұлдау туралы» Үкіметтің Қаулысының орындалмауы мен монополияға қарсы органдардың шара қолданбауы туралы Премьер-Министрдің атына хат жазуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҰКП жанындағы кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің үшінші отырысында Кеңестің төрағасы Ғани Қасымов.
Астана қаласы28 Қаңтар , 16:24

«Аталмыш хатта электр энергиясы туралы заңнама алдын ала төлемнің электрмен қамтамасыз етілуіне қатысты қолдану мүмкіндіктерді алып тастайтын электр қуатын тұтынушылары тарапынан жіберілген іс жүзінде қолданылғаны үшін төлем көлемін қарастырады. «Бәсекелестік туралы» заңның 13 тармағына сай, тұтынушылардың заңды құқын сақтамайтын монополиялық жағдайлар немесе басымдылыққа ие нарықтың субъектілеріне әрекет ету немесе әрекетсіздік тыйым салынады», - деді Ғани Қасымов.

Оның айтуынша, мына жағдайда энергоүнемдеу ұйымдары өздерінің басымдылықтарын теріс мақсатта пайдалана отырып, тұтынушыларға тұтынушылардың құқын сақтамайтын және заңнама талаптарына жауап бермейтін өз редакциялары туралы келісімді теліп отыр.

«Энергоүнмедеу ұйымдарының электр энергиясы үшін алдын ала 100 пайыз міндетті төлем туралы талаптары республиканың заңнамасын бұзып қана қоймай, кәсіпкерлерге белгілі бір деңгейде шығын келтіреді. Өйткені олар өздерінің айналымдағы қаражаттарын үздіксіз энергоүнемдеу нысандары шығынына төлейді, әсіресе бұл өндіріс орындарына салмақ», - деді Қасымов.

Кеңес төрағасының айтуынша, аталмыш мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда, алда шыққан нәтиже туралы қосымша хабарланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰКП жанындағы кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесінің бірінші отырысында Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлерінің энергоүнемдеу ұйымдарының қызметі туралы түскен шағым қарастырылған еді.




Яндекс.Метрика