Ұлттың денсаулығы

2013 жылы ҚР-да өмір сүру ұзақтығы 70 жасты құрады - С.Қайырбекова

2013 жылы ҚР-да өмір сүру ұзақтығы 70 жасты құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 16:06

«Біз 2013 жылы денсаулық саласының басты көрсеткіші тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын жақсарту мақсатында бар зейінімізді негізгі міндеттерді жүзеге асыруға аудардық.   Өз кезегінде туу көрсеткішін артып, керісінше, өлім-жітім жағдайларының төмендеуі осы салада жақсы нәтижелерге жетуімізге септігін тигізді. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша өлім-жітім көрсеткіші 8,1% құрап, өткен 2012 жылдан , 4,6%-ға төмен болды. Елімізде алғаш рет өмір сүру ұзақтығы бір жылда 0,69-ға көтерілді. 2013 жылы өмірсүру ұзақтығы 70,3 жасты құрады. Айта кетерлік жайт,мұндай жетістікке денсаулық министрлігі 2015 жылы жетеміз деп жоспарлаған болатын», - деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, ведомство денсаулық сақтау саласына 838,2 млрд. теңге жұмсады. 2012 жылы бөлінген қаржы көлемі жағынан өткен жылдан 14%-ға төмен. Республикалық бюджет қаражатының 99,9% толығымен игерілді.

«Бізге міндетті сақтандыру жұйесін енгізу керек. Осы ретте біз ескі тәжірибемізді есепке алсақ болады. Осы мақсатта мәселенің мән-жайын ашып, халықтың пікірін жан-жақты білу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында арнайы форум ашылған», - деп С.Қаийырбекова өз ойын толықтырды.




Яндекс.Метрика