Өңірлер

Бақытжан Ертаев болашақ өрт сөндірушілермен бірге ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесу өтті, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола28 Қаңтар , 15:50

«Кездесуге Көкшетау әкімі Жарқын Жұмағұлов, Ақмола облысы қорғаныс істері департаменті және Ақмола облысының «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам, курсанттар қатысты», - делінген хабарламада.

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Бақытжан Ертайұлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі үшін мамандар дайындайтын Көкшетау техникалық институты алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ, генерал-лейтенант  Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының маңызы туралы баса айтып, әскери қызметті өз еркімен атқару және қазақстандық патриотизм түсінігі мәселесін қозғады.

Институтта құрметті қонақтар үшін оқу корпустары мен кабинеттеріне экскурсия өткізіліп, арнайы өрт сөндіру жабдықтары мен өрт апаттан құтқару теникасы таныстырылды.

Сонымен қатар, Ауғаныстандағы соғыстың аяқталуына 25 жыл өтуіне  байланысты ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі де өтті.

Одан кейін Бақытжан Ертаев Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, оқушылармен кездесті.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика