Ұлтаралық бірлік

Е. Қадырғалиев: Біздің бренд - бейбітшілік пен ұлтаралық келісім

Қазақстан аяғынан тік тұрып, әлемдік деңгейде өзін бәсекеге қабілетті және заманауи ел ретінде мойындатты, біздің бренд – бейбітшілік пен ұлтаралық келісім, деп Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркін Қадырғалиев мәлімдеді.
Атырау28 Қаңтар , 15:42

«14 ұлт пен 17 конфессияны қала біріктіру қажет? Бұл оңай мәселе емес. Біздің елде барлық этностар айрандай ұйып отыр. Қазақстан Президентінің  ұлттардың тату-тәтті күн кешуіне сіңірген еңбегі мол екенін барлығымыз білеміз. Н. Назарбаев – Қазақстанның тұрақтылығы мен кепілдігінің кепілі»,  - деді Е. Қадырғалиев.

Сондай-ақ, ол Қазақстан әлем елдерінің алдыңғы қатарынан орын алғанын атап өтті.

«Қазақстандықтардың саны 14 млн-нан 17 млн-ға жетті. Сондай-ақ, біздің облыста 430-дан 530-ға дейін адам саны көбейді. Бұл әрине, мемлекеттің тұрақтылығының белгісі емес пе?», - деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жариялады, ол барлық қазақстандықтарды жұмылдыра түседі.




Яндекс.Метрика