Халықаралық интеграция

ҚР Сенат Комитеті ҰҚКҰ Келісіміндегі бірқатар өзгерістерді ратификациялау туралы құжатты қарады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама,сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында 2007 жылдың 6 қазанындағы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ұйымына мүше мемлекеттердің арнайы қызметі мен құқық қорғау органдарын қамтамасыз ету үшін арнайы қаражат пен арнайы техниканы алдырудың жеңілдетілген шарттары туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау құжаты қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қаңтар , 15:35

«Келісім арнайы қаражат пен арнайы техникаға қатысты саудалық емес қызметтерді іске асыруға тараптарға құқық беретін ұлттық заңнамаға сай заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасында түзілген келісім негізіндегі жеңілдетілген шарттарға арнайы қаражат пен арнайы техника алдыру мәселесін реттейді», - делінген хабарламада.

Хаттама Ресей Федерациясының рубліндегі және еркін конверсияланған валюта арқылы шығындарды өтеу мүмкіндіктерімен жеңілдетілген шарттарға арнайы қаражат пен арнайы техника алдыруды жүзеге асыру кезіндегі кеңейтілген есептеуге бағытталған түзетулер Келісіміндегі өзгерістерді қарастырады.

Заң жобасыны ратификациялау ҰҚКҰ мүше мемлекеттері арасындағы одақтық қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді. Және оның қауіпсіздік шаралары мен трансұлттық қатерлерге қарсы тұру арнайы қызметінде және құқық қорғау органдарының тиімді қызметін қамтамасыз етеді.




Яндекс.Метрика