Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Американдық Bloomberg Grain мен ҚазАгро Қазақстанда астық қоймаларын салу келешегін талқылауда

«ҚазАгро» Ұлттық холдингінде BloombergGrain (БлумбергГрэйн) американдық компаниясының өкілдерімен кездесу болып өтті, оның барысында Қазақстанда астық қоймаларын салу келешегі мен мәселелері талқыланды.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

«Астық сақтауға арналған модульдік нысандар құрылысына мамандандырылған американдық компания модульдік типтегі әр түрлі астық қоймаларын салу тұрғысынан қазақстандық нарықты зерттемек», - делінген хабарламада.

Бұнымен қоса, Bloomberg Grain вице-президенті Кристиан Рат Қазақстанда осындай конструкциялар құрылысы зауытын салу нұсқасын да жоққа шығармайды. 

Ынтымақтастық бағыттарын талқылау барысында республикада бүгінде астық сақтаудың кең желісі бар екені, алайда жаңаларын салу және кейбір қолданыстағы астық қоймалары мен элеваторларды жөндеу қажеттілігі бар екені айтылды. Бұл ретте «ҚазАгро» Холдингінің Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов республиканың аграрлық секторына максималды озық технологиялар тартылатынын атап айтты. 

«ҚазАгро» басшысы американдық компанияға біздің елімізде өкілдік ашуды ұсынды. Айтжановтың айтуынша, Bloomberg Grain компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі нарықты анағұрлым мұқият зерттеп, сондай-ақ көрмелер мен басқа да шараларға қатысу арқылы компания өнімін өткізуге себептесе алатын болады. 

Кездесу соңында Bloomberg Grain делегациясы холдинг қызметкерлері мен Азық-түлік корпорациясы өкілдерінің бастауымен кейбір қазақстандық элеваторлардың жұмысымен танысты. 




Яндекс.Метрика