Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ақмола облысы әкімдігіне қаңтар айында интернет арқылы 95 өтініш түскен

2014 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы әкімдігінің интернет – қабылдауы 95 өтінішті қарады.
Ақмола28 Қаңтар , 14:59

«Ағымдағы жылдың қаңтар айы бойынша облыс әкіміне 95 өтініш келген, оның 20 бүгінгі күні шешілді. Өз өтініштерінде тұрғындар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық: сумен жабдықтау, электрмен қамту, жол жөндеу, аймақты абаттандыру, әлеуметтік мекемелерді жөндеуден өткізу сынды  мәселелердің шешілуін сұраған», - делінген акиматта.

Сондай-ақ, аймақ тұрғындары жер мәселесіне, еңбектің заманауи емес түріне байланысты сауалдар қойған.

Жалпы, 2013 жылы блогқа облыс тұрғындарынан 1333 өтініш келіп түскен, оның 1300 қаралып, жауаптарын алды. Сондай-ақ, 70 пайыз өтініш оң шешілді. 




Яндекс.Метрика