Өңірлер

Жолдаудың әлеуметтік блогы Қазақстанды өңірдің ең жайлы елі етеді

Жолдаудың әлеуметтік блогы Қазақстанды өңірдің ең жайлы елі етеді, дейді Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясының халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы ақпараттық-сараптамалық орталықтың Консультативті кеңесінің сарапшысы, саяси ғылымдардың докторы Сергей Кизима.
Әлемде28 Қаңтар , 14:26

«Жолдаудың ең басты көңіл аударатын жері әлеуметтік саланың дамуына қатысты мәселелерге арналған жері. Осы бағыттағы атқарылар шаралар, ұсыныстармен келіскеніміздей, Қазақстанның жайлы жағдай жасауына қатысты тұсымен де келісеміз», - дейді С.Кизима.

Оның айтуынша, әлемдік аренада Қазақстанға бедел алып беріп жатқан қасиеттері пайдалы бай қазба байлықтарымен қатар, ЖІӨ қарқынды өсімі мен өзге де экономикалық көрсеткіштері.

«Бұл жерде баса назар аударатынымыз азаматтардың әлеуметтік әділтікке ие болып отырғаны. Сол себепті медицина, шет тілдерді оқытумен қосып жүз пайыздық мектепке дейінгі біліммен қамту, техникалық және кәсіби білім берудің ұлттық дуалды жүйесін енгізу, университеттерді дамыту, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыру Қазақстанды өңірдегі ең жайлы елдердің бірі етеді», - дейді ғылым докторы.

Оның айутынша, әлеуметтік өзгерістер тұрғындардың разылығына бөленіп, Қазақстанның әлемдік аренада үлкен беделге ие болуы мен ары қарай дамуына серпін береді.




Яндекс.Метрика