Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда тарихи-мәдени туризмнің 5 кластері анықталды

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустрия және туризм комитеті тарихи-мәдени туризмнің 5 кластерін анықтады.
Казахстан 28 Қаңтар, 12:45

«Тұжырымдама кешенді шараларды қарастырады, ол саланың дамуына бағытталған «Мәдени туризм және турне» туристік азығы анықталды. Мәдени орындар мен ескерткіштер алаңына бағыттаушысыз баруды қамтамасыз етеді. «Қысқамерзімді демалу – демалыс күндер турнесі» қаланың көрнекті орындарын аралауға бағытталған», - делінген комитетте.

Тұжырымдама бойынша арнайы дамыту аймақтары бойынша 5 кластер таңдалып алынды.

Бірінші кластер – Астана (Астана қаласы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігі). Павлодар және Қарағанды облысының шығыс-солтүстік аймағы. Туристік аймақтың негізгі бөлігі: тарихи ескерткіштер, «Бурабай», «Көкшетау», «Бұйратау», «Қарқаралы», «Баянауыл», Қарағанды қаласы және Юнесконың алдын ала жоспарына тіркелгендер: Тасмола мәдениетінің қорғандары, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорығы, «Ұлы жібек жолы» Бозоқ қаласы.

Екінші кластер – Алматы (Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігі). Туристік қызығушылық тудыратын негізгі жерлер: петрогливті Тамғалы археологиялық ландшафы (ЮНЕСКО нысаны); ЮНЕСКО алдын ала тізіміне енгізілген «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Шарын шатқалы; Қапшағай су қоймасы; Алматының Іле Алатау МҰТП жақын тау шаңғысы аймағы; «Жаңа Іле» туристік орталығы; ЮНЕСКО алдын ала тізіміне енгізілген Ешкіөлмес петрогливтері; Есік қорғаны мен сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген «Жібек жолы» нысандары (талғар мен Боралдай қорғандары). 

Үшінші кластер – Шығыс Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысы). Туристік қызығушылық тудыратын негізгі жерлер: Бұқтырма су қоймасы; Ертіс өзені; Жайсаң көлі; Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Марқакөл көлі мен Қалжыр шатқалы; Риддер – Анатау мен Иванов тауы; Семей тауы.

Төртінші кластер - Оңтүстік Қазақстан (Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктері, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігі, Жамбыл облысының оңтүстік-шығыс бөлігі) .

Туристік негізгі нысандар ретінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, ортағасырлық Отырар шаһары, археологиялық Сауран кешені сынды ЮНЕСКО тізіміне іліккен еліміздегі бірқатар археологиялық кешендер мен  қорықтар, петрогливтер таңдалынып алынды. Олардың қатарында Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.

Алдағы уақытта, үш аймақ бойынша да кластердің ауқымы үлкейтілетін болады. Яғни,  Мерке тұркі әулиесінің кешені, Барсакелмес қорығы, Сығанақ шаһары сынды тағы да бірқатар тарихи ескерткіштермен толығады. 

Бесінші кластер  - Батыс Қазақстан (Маңғыстау обласы, Батыс Қазақстан  облысының бір бөлігі. Туристік негізгі нысандар ретінде Бекет-Ата, Шопан-Ата және  Қараман-Ата жерасты мешіттері мен, Омар мен Тұрдың мавзолейі, «Бөкей Ордасы» кешенінің ескерткіштері сияқты осы аймақтарда орналасқан көптеген құнды тарихи мәдени ескерткіштер тізімге енгізілді.

Айта кетерлік жайт, мәдени-танымдық, мінәжат ету  туристік бағдарлар бойынша арнайы жұмыс жүргізілуде. Болашақта көптеген бағыттар бойынша туристік маршурттар ашылатын болады. 





Яндекс.Метрика