Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 800 адам жұмыспен қамтылды

Шығыс Қазақстан облысында 800 мүгедек жұмыспен қамтылды.
Шығыс Қазақстан28 Қаңтар , 12:39

« «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы осыған дейін 415 мүгедекті жұмыспен қамтыса, «Қазпочта» мекемесі жүзге жуық мүгедекке жұмыс беріп отыр. Барлығы 800-ге жуық адам жұмыспен қамтылды десек те, бұл әлі  жоғары көрсеткіш емес», - делінген акиматта.

«Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы басшысының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтың айтуынша, мүгедектердің барлық жағдай шешіліп кетті деу артық болар. Оларды шешу үшін мүгедектерді жұмысқа тарту жөніндегі тәжірибесі бар компаниялармен байланыс орнату керек.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу - қоғамның парызы. Сондықтан оларға деген назардың ерекше болуы одан да маңызды. Қазақстанның мүгедектерге қамқорлық таныту ұстанымын халықаралық институттар да құптап отыр.

 «Басты мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың жай-күйі болып отыр. Біздің қоғам мүмкіндігі шектеулі жандарға басқаша көзбен қараса, бұл әрине керемет болар еді. Әлемнің дамыған басқа елдерінде солай. Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамты мәселесін бірінші орынға қойып отырғаны әрине құптарлық іс. Көңілі қаяулы жандардар жұмыс істеп, іс-шараларға қатысып, өзін еркін сезінсе бұл біздің қоғамымыздың ізгілігін көрсетпей ме?» - деп «Special Olympics» ШҚ филиалының директоры Раиса Паладьева Жолдаудың мүгедектерге қатысты пікір білдірді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика