Жаңа қазақстандық патриотизм

Қазақстанда рухани мұраны қайта түлету қажет - ҚР ДІА

Қазақстанда рухани мұраны қайта түлету қажет. Осындай сарапшылық пікірімен ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бөлісті, деп хабарлайды Стратегия-2050 ресми сайты.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Патриотизм - күрделі әрі көп қырлы құбылыс. Нағыз патриот өз тарихын біліп, ата-бабасын, батырларын мақтан тұтып, олардың жасаған ерліктеріне лайық болуыға ұмтылуы тиіс. Отансүйгіштік отбасынан басталады. Дәл осы ортада адам санасында Отанның алғашқы келбеті, оған деген қарым-қатынасы, өз елі, онда тұрып жатқан жерлестері мен олардың мүдделері алдынағы жауапкершілігі сынды тәрбие қалыптасады.

Патриоттық сана сезім жылдар бойы қалыптасып, адамның қоғамдық өмірінде нығая түседі, сондай-ақ ол қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау тауып, басқарылып жатады.

Осы тұрғыда экстримизм табиғи сипаты жағынан идеологиялық тәрбиенің туындысы болып табылатындығын айта кеткім келеді. Сол себепті экстримизмнің алдын алу және туындауына қарсы тұру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігі жас ұрпақтың бойында дұрыс идеологиялық сана-сезім қалыптастыра білуге тәуелді.

Өз кезегінде, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның діни сана-сезімі дәстүрі мен салт-санасына сай келуі керек. Біздің еліміздің дәстүрі мен рухани-мәдени нормаларына жауап беретін дұрыс діни сана-сезім қалыптастыру үшін қазақ халқының атадан балаға мирас болып қалған рухани құндылықтарын қайта түлетіп, зерттеуге кірісу қажет.Діни сананы нәрлендіруде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алатын ұлы ойшыл Абайдың еңбектері дұрыс бағыт бола алады. Шығыс мұсылмандарың рухани ұстазы, «Қасиетті сұлтан» мәртебесі берілген Қожа Ахмет Яссауидің еңбектері - өз алдына бір төбе. Сондай-ақ Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин сындыұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне зор үлесін қосқан басқа да азаматтарды атап өтуге болады.

Қазақстандық қоғамда мемлекетқұраушы халықтың мұрасынан айқын көрінетін бай рухани-мәдени қазынасы бар. Соны қайта түлетіп, қазіргі Қазақстанның өміріне ыңғайластырып пайдалану керек.

Еліміздің аумағында дәл осы мақсатты ұстанып, ғылыми қауымдастық, танымал діни қызметкерлер, атақты отандық теологтар мен дінтанушылардан, әкімдік қызметкерлері мен құқық қорғау құрылымдарынан, сондай-ақ қалың бұқарамен мақсатты жұмыс жасап жүрген қоғамдық пікір қалыптастырушы жергілікті көшбасшылардан жасақталған түрлі деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтар (АНТ) құрылды.

Еліміздегі діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау тақырыптарымен халықаралық және республикалық деңгейде көптеген конференциялар өткізілді.

Осы орайда, Агенттік ағымдағы жылы радикализм, жихадизм мен такфиризм, сондай-ақ дін және әйел, дін және жастар сынды қоғамның өзекті тақырыптарын қозғайтын бірқатар ірі әрі мәртебелі іс-шаралар мен жиындар ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.

Осы жолда имамдар ақпараттық-насихаттық топтардың, сонымен қатар тақырыптық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлардың жұмысына белсене атсалысуда.

Осы жұмыстардың нәтижесінде біз бүгінгі күні Қазақстан өз аумағында конфессияаралық және этносаралық келісімді қамамасыз еткен, толеранттылық пен сыйластық принциптерін қатаң ұстанатын әлемге үлгі боларлық мемлекет болып табылатынын нық сеніммен айта алатын жағдайға қол жеткіздік.

Осы орайда, айтылғанның бәрі рухани әрі мәдени құндылықтарды сақтап қалу жолында қоғамымыздың бірлесе отырып атқарған жемісті жұмысының жеңісі деп айтуға толық негіз бар.




Яндекс.Метрика