Білім беру

Жолдауда білім берудің жаңа даму кезеңіне өтудің барлық негізі қарастырылған – ҚазГЗУ ректоры Т.Нарықбаев

«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы білім беру мен ғылымның дамуына ерекше тоқталады, дейді Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры Талғат Нарықбаев.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:04

«Қазақстан Президенті өз Жолдауында біздің алдымызға мемлекеттің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің құрамына енуге мүмкіндік беретін, еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің академиялық және басқару академиясына біртіндеп өту керектігін мақсат етіп қояды. Н.Назарбаев Үкіметке еліміздің білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу туралы нақты тапсырмалар берді. Менің ойымша, біз енді біріге отырып білім беру саласының жаңа сапалы кезеңіне өтеміз», - дейді ректор.

Оның айтуынша, тәуелсіздік алған кезден бері Мемлекет басшысы білім беру саласын назардан тыс қалдырған емес.

«Біздің ЖОО Президенттің саясатын толықтай қолдайды. Өз кезегінде Елбасы да бізден қамқаорлығын аяған емес. Мемлекет басшысы университетіміздің ашылуына арнайы келіп, университеттің мойнына бірқатар міндеттемелер жүктеді, біз оны ақырындап орындап келеміз», - дейді Нарықбаев.

Ректордың айтуынша, университеттің ұстанған саясаты ең алдымен интеграциялық процестер мен қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін артыруға бағытталған.




Яндекс.Метрика