Инвестициялар

ҚР-да 2020 жылға дейін ТҚҚ жаңғырту жүйесі аясында 75 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция салу жоспарланып отыр – ҚОСРМ

Қазақстанда 2020 жылға дейін ТҚҚ жаңғырту жүйесі аясында 75 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция салу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырсында.
Астана қаласы28 Қаңтар , 11:20

«Бағдарламаны іске асырудың алғашқы кезеңінде бюджет қаражатына мұқтаждық туады. Ал бағдарламаның қанатқақты кезеңі үшін 52 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалмақ. Бұл қаражат ҚДБ тарапынан қолдау тапты», - деді Нұрлан Қаппаров.

Айта кету керек, 2020 жылға дейін 75 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция салу жоспарланып отыр. Бұл жалпы шығынның 60 пайызын құрайды.

«Жалпы көлемі 127 млрд теңге болатын аталмыш мақсатта жұмсалатын қаражат 4 бағытта қолданылмақ. Олар биологиялық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу,  ТҚҚ уақытылы шақырылуын қамамасыз ету үшін қоқыс тасушы мен конвейерлер паркін жаңарту үшін жұмсалмақ. Сонымен қатар, жаңа полигондар, ТҚҚ қайта өңдеу зауыттары құрылысы қолға алынбақ», - деді министр.

Оның айтуынша, іс жүзіндегі сома полигондарды қайта бейімдеу мен рекультация жобаларын қосқанда бюджеттік өтініштер бойынша жобаларды дайындау шаралары арқылы анықталатын болады.

«Бюджеттік қаржыландыру динамикасының үлесі бюджетке ауыртпалықты азайтып, ТҚҚ секторы тиімділігінің артуына және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі дамуына байланысты жеке қаржыландыру үлесін арттыруға негізделген», - деді Қаппаров.




Яндекс.Метрика