Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Үлкен қалаларда МЖС жүйесін пайдалану арқылы ТҚҚ басқару жобалары жүзеге асады - Н.Қаппаров

ҚР ірі қалалары мен өндіріс ошақтары көп шоғырланған аймақтарда МЖС жүйесін пайдалану арқылы ТҚҚ басқару бойынша жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің отырысында Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 11:10

«МЖС жүйесін пайдалану арқылы  қалдықтарды басқару  пилоттық жобалары ірі қалалар мен өндіріс ошақтары көп шоғырланған 300 мың халқы бар өңірлерде іске асырылады.   Бұл жобалар аясында секторға жауап беретін бірыңғай операторды құру, жеке инвестор табу  және таңдалынып алған аймақтағы  ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделген», - деді Н.Қаппаров.

Атап айтатын болсақ, ілкімді істің шеңберінде қоқысты жинау және

тасымалдау жүйесін жаңғырту, қоқысты қайта өңдеу зауыты мен жаңа полигон салу  жоспарланған.

«Осындай интеграцияланған жүйе БҰҰ Экологиялық бағдарламасына қолдау көрсетеді. Жобаны жүзеге асыруда ластаушылар есебінен тарифтерді алу және мемлекеттің концессиялық міндеттемелері арқылы тұрақты түрде ақаша ағымын қамтамасыз ететін МЖС негізінде ұзақмерзімді интеграцияланған келісімге отыру маңызды», -  деп ведомство басшысы өз ойын толықтырды.

Айта кетерлік жайт, алдағы уақытта Н.Қаппаров атап өткендей жергілікті жұрттың әл-аухатын арттыру мен бірге тарифтерді өсіру арқылы бүкіләлемдік  «ластаушы өзі төлейді»  бағыты енгізілуі мүмкін.




Яндекс.Метрика