Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда ТҚҚ басқарудың бірыңғай орталығы пайда болады – ҚОСРМ

Қызметті шоғырландыру және барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың сұранысы бойынша ТҚҚ басқарудың бірыңғай орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қаңтар , 10:44

«Қолдаудың негізгі шараларының бірі болып институционалдық құрылым  есептеледі. Қызметті шоғырландыру және барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың сұранысы бойынша ҚТҚ басқарудың бірыңғай орталығын «Жасыл Даму» АҚ басқаруымен  ашу жоспарлануда», - деді Н. Қаппаров.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда қалдық өңдейтін зауыттар әкімдіктер мен қалдық өңдеу компанияларымен келісімшарттық құрылымның жетілмеуіне байланысты жұмыстарын кідіртетін оқиға орын алды.

«Орталық аталмыш мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әкімдіктер мен инвесторларға көмекші бола отырып, ТҚҚ қайта өңдеу мен жинау ақпараттарын топтастырады, ақпараттық материалдарды дайындап, сонымен қатар аталмыш жұмысқа қоғамдық бірлестіктерді тартпақ», - дейді ол.

Сонымен қатар, орталық үйлестірушілік қызметтерді де атқаратын болады.

«Бірыңғай әдістерді бақылау, соның ішінде ТҚҚ жобасын іске асырудағы технологиялық шешімдер де бар. Үкімет, халықаралық қаржы институттары, жергілікті атқаружы органдар мен инвесторлармен арадағы қызметтерді үйлестіру осыған кіреді. Негізінен, «Жасыл Даму» АҚ аталмыш секторда даму институттарын таныстырады, алайда жобаларға тікелей қатыса алмайды», - деді министр.




Яндекс.Метрика