Инновациялар

Қызылорда қаласында «SmartRubber» инновациялық зауыты іске қосылды

ҚР ИЖТМ және «ТДҰА» АҚ қолдауымен Қызылорда қаласында ескі автомобил дөңгелектерін қайта кәдеге жарататын және өңдейтін, алынған шикізаттан қайта өнім жасап шығатын инновациялық «SmartRubber» зауыты іске қосылды.
Қызылорда 28 Қаңтар, 10:13

«Зауыттың жобалық қуаты  - 270 тонна рәзіңке қиындысын,  440 тонна белсенді рәзіңке қиындысын және 3,9 млн. метр  жер асты арқылы суару үшін жүргізілетін құбыр жасауға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.

Жоспар бойынша, зауыт жылына 1,5 мың тонна автомобиль дөңгелектерін қайты өңдейтін болады.

 «Smart Drop жерасты суару құбырлары иновациялық өнім және Қазақстанда мұндай ұқсас өндіріс бұған дейін болмаған. Сондай-ақ, өндіріс «жасыл экономика» талаптарына толығымен сай келеді. Осылайша, тозығы жеткен дөңгелектерді қайта кәдеге жарату арқылы Қызылорда аймағындағы экологиялық ахуал   жақсартады», - деп «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттiк» АҚ Дәурен Мұратбеков атап өтті.

Ілкімді жобаны «ҚазКаучук» ЖШС  ҚР ИЖТМ қолдауымен  «ТДҰА» АҚ   бөлген инновациялық грант аясында іске асыруда. 

Жоба серіктесі өндірістің осы саласы бойынша әлемде көшбастап тұрған немістің «Water Future Systems GmbH» компаниясы болып табылады..

Естеріңізге сала кетейік осы техноллогияны пайдалану әлем бойынша ең тиімдісі.

Айта кетерлік жайт, ешқандай қоспасы жоқ белсенді рәзіңке қиындылары рәзіңкеден жасалған техниканың өндірісінде де көптеп қолданылады. Ал, асфальтбетон өндірісінде оны қолдану өз алдына үлкен сала.  





Яндекс.Метрика