Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ҚМГ 2013 жылы 8,2 млн. тоннаға жуық мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Астанада ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Үкіметінің және «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ ресми болжамына сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 90 АҚШ доллары есебінде 2013 жылдың бюджетін бекітті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылы жоспарланған өндіру көлемі «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) 5,3 млн.тоннаға жуық, (тәулігіне107 мың. барр.) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2,8 млн. тоннаға жуық (тәулігіне 57 мың.барр.)көлемді құрайды. ӨМГ және ЕМГ-да жоспарланған жалпы өндіру көлемі 2013 жылы 8,2 млн. тоннаға (тәулігіне 164 мың.барр.) жуық көлемді құрайды. 

2013 жылы күрделі салымдар 191 млрд. теңге (1 288 млн. АҚШ доллары) көлемінде болады деп жоспарлануда. Күрделі салымдардың өсуі негізінен жаңғырту бағдарламасын инвестициялау және геологиялық барлау бағдарламаларын іске асырумен байланысты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика