Кедендік одақ

Астанада КО елдері мен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы арасындағы еркін сауда жасау туралы келісімді бекітуге арналған келіссөздер өтуде

Астанада он бірінші раунд аясында тауар саудасы, сауда рәсімдерін жеңілдету, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, зияткерлік меншікті қорғау мен мемлекеттік сатып алулар туралы жоба Келісімінің бөлімдері талқыланады, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қаңтар , 09:40

«Жалпы аталған Келісімді бекіту Кедендік Одақ пен ЕЕСҚ елдері арасындағы сауда қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ЕЕСҚ елдері нарығындағы тауарлардың жылжытылуына қолайлы жағдай жасап, ЕЕСҚ елдерінен КО елдеріне инвестицияларды тартуға  мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.  

Кедендік Одақ елдері, атап айтқанда, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы арасындағы еркін сауда жасау туралы Келісімді бекітуге арналған келіссөздер 30 қаңтарға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Еуропалық еркін сауда қауымдастығының іргесі  (ЕЕСҚ) 1960 жылы еркін сауда жасау мақсатында қаланды. Алайда оған мүше мемлекеттердің көбі ЕО мүшелікке өтіп кетті. Бүгінде Исландия, Норвегия, Швейцария және Лихтенштейн ғана Еуропалық еркін сауда қауымдастығына мүше мемлекеттер болып саналады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика