Ұлттың денсаулығы

Оралда Қазақстанның Олимпиада құрамасын қолдау мақсатында бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылды

Оралдағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан 28 Қаңтар, 09:30

Сақылдаған сары аязға қарамастан Орал қаласы тұрғындары Шаған өзенінің шаңғы жолымен қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған  көпшілік шаңғы жарысы  ұйымдастырды.

Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев пен қала әкімі Алтай Күлгінов те қатысты.

«Бұл шара Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына  қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған көпшілік шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Біздің өңірде қысқы спорт түрлері жоғары деңгейде дамыған. Шорт-трек бойынша 8 орынның 5 орынын біздің жерлестеріміз жеңіп алып отыр. Осыған қарап-ақ біздің Олимпиадада қаншалықты жанкүйер болатынымызды бағамдауға болады. Отанымыздың мерейін үстем етіп, елімізге жеңіс әкелсін деп тілейміз», - дейді Н.Ноғаев.

Айта кету керек, аталмыш көпшілік шараға ең ересек шаңғышы ретінде 79 жасар Василий  Бутков қатысса, ең жас қатысушы 8 жасар Ерген Данатболды. 

 

 





Яндекс.Метрика