Адами капитал

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан28 Қаңтар , 09:15

«ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Елбасы Жолдауындағы басты бағыттарды түсіндіре отырып, қоғамдағы барлық жаңарулар, сонымен бірге еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі бастамалары Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметімен тікелей байланысты екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің дамуы жауынгерлік дайындықтың қарқынымен және өткізілетін оқу-жаттығулардың санының артуымен ерекшеленеді. Қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуымен өткен көптеген халықаралық оқу-жаттығуларда әскерлеріміз коалициялық күштер қатарында өзара іс-қимылды нығайтып, тәжірибелерін шыңдай түсуде. Жоғарғы Бас қолбасшының қамқорлығының арқасында Қазақстан әскері қазіргі заманғы техникалармен жарақтанды, сонымен бірге әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы да Мемлекет басшысының басты назарында.

Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіруге арналған іс-шараларды Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Отар, Қапшағай, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарында өткізетін болады.

 

 




Яндекс.Метрика