2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын жүзеге асыруда жастарға үміт артуы маңызды - Т. Кучера профессор (Чехия)

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында оны жүзеге асыру бойынша жастарға үміт артуы маңызды, деп есептейді Томаш Кучера Карлов Университететінің профессоры.
Әлемде 27 Қаңтар, 13:50

«Өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында Елбасы Н. Назарбаев алдағы онжылдыққа даму бойынша міндеттерді қоя отырып, қазақстандық жаңа даму жолын салды.   Бұл күрделі жобаларды жүзеге асыру бойынша қолайлы жағдай жасау керек. Атап айтатын болсақ, білікті мамандарды даярлау үшін   білім беру жүйесін жаңғырту маңызды », - деді Т. Кучера.

Профессордың айтуынша, аталмыш теңдессіз жобалардың орынддалуында Президент Н.Ә.Назарбаевтың жастарға жол көрсетуі өте маңызды.

«Қазақстанда жас таланттар өте көп, олардың шығармашылық әлеуеті де төмен емес. Бүгінде Қазақстанның индустриялды инновациялық даму жолына түскенде барлық қазақстандықтардың мобилизациялануы керек», - дейді Т. Кучера.





Яндекс.Метрика