Өңірлер

2014 жылғы Жолдау қазақстандық көшбасшының жыл сайынғы Жолдауларының арасында айрықша орынға ие – Т.Хорошавина (РФ)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қаңтардағы Жолдауы қазақстандық көшбасшының жыл сайынғы Жолдауларының арасында айрықша орынға ие, дейді Омбы Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Татьяна Хорошавина.
Әлемде27 Қаңтар , 17:05

«Биылғы Жолдау «елдің саяси тұрақтылығы мен қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған» ұзақмерзімді нақты шаралар бағдарламасын қамтиды. Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында Қазақстан Республикасының әлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына ену жоспарын қойып отыр», - дейді Т. Хорошавина.

Оның айтуынша, Президент Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңінің басталғанын көрсетіп, асыра сілтемей қазіргі жетістіктер мен болашақ мақсаттарды ескере отырып 2050 Стратегиясының жалпы жоспарына негізделген.

«Менің ойымша, көрсетілген стратегиялық жоспарларды іске асыру, экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларда күнделікті тәжірибелік мәселелерді шешу Қазақстанның мемлекеттілігі мен қоғамына халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, елдің жоғарғы деңгейде жаңалықтарға қол жеткізуіне жағдай жасап, Қазақстанның беделін әлемдік аренада кезекті рет арттыра түспек. Қазақстан халқына Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттемелері орындай отырып биіктерді бағындыруына тілектеспін», - дейді Т. Хорошавина.




Яндекс.Метрика