Өңірлер

Елбасының 2014 жылғы халыққа Жолдауы Еуроодаққа мүше елдер үшін аса маңызды

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы сынды бағдарламаның болуы Еурроодаққа мүше елдер үшін аса маңызды болар еді, деп Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесінің тең төрағасы, «Грампет Груп» компаниясының президенті Груя Стойка ағынан жарылды.
Әлемде27 Қаңтар , 18:30

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында ұзақ және қысқамерзімді даму бойынша нақты міндеттер қойылған. Осы ретте бұл бағдарламаны аса зор мақтанышпен атап өтуге және Еуроодаққа мүше елдерге осындай тектес бағдарламаны жасақтау аса тиімді болар еді», - деп Г. Стойка атап өтті. .

Бұдан басқа, Қазақстан-Румын Іскерлік  кеңесінің  тең төрағасы мемлекет басшысының халыққа Жолдауы алдымен жастарға арналғанын тілге тиек етті.

«Маған, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаудың алдымен жастарға арнағаны ұнады. Менің ойымша, Елбасының «Мәңгілік ел»  патриоттық бастамасымен жастар Қазақстанның күшті және өркендеген елдер қатырына қосылуында негізгі күшке айналады», - деді Г. Стойка.




Яндекс.Метрика