Инфрақұрылымның дамуы

Өскеменде 4 жұлдызды қонақ үй салынуда

Өскеменде Ертіс өзенінің жағалауында 4 жұлдызды қонақ үй салынатын болады. Ол наурыз айының аяғында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан27 Қаңтар , 18:01

«Өскеменді қақ жара ағып жатқан Ертіс өзенінің жағалауына жаңадан 4 жұлдызды қонақ үй жайғасатын болады. Бүгінде нысанның қабырғасы қаланып, комуникациялық желілері түгел дерлік тартылған. Қонақ үй алдағы наурыз айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Құрылыс жұмыстарына 70-ке тарта құрылысшы жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

«Дедеман-Өскемен» қонақ үй кешені «Босфорус» біріккен қазақ-түрік кәсіпорнының тапсырысымен бой көтерген. Ғимараттың жалпы ауданы 9 мың шаршы метр. Мұнда 140 нөмір бар. Сонымен қатар бас жоспарға сәйкес нысанда үлкен үш конференция залы, екі мейрамхана және түрік моншасы мен фитнес алаңдары қарастырылған.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыс орталығында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысу барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өкілетті органдарға барлық жағдайды жасауды тапсырды.

 




Яндекс.Метрика