Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2014 жылдың 1 мамырынан бастап газға көтерме сауда бағасы енеді – С. Ахметов

2014 жылдың 1 мамырынан бастап газға көтерме сауда бағасы енеді. Бұл туралы мұнай және газ министрлігінің алқа отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қаңтар , 17:50

« «Газ және газбен жабдықтау» Заңының нормалары бойынша бірыңғай көтерме сауда бағасын енгізу қарастырылған. Өткен жыл бойы Үкімет өңір әкімдерімен бірігіп бұл сұрақты талқылады. Біз бұл сұрақты кейінге қалдыра алмаймыз», - деді С. Ахметов.

Оның айтуынша, аталмыш сұрақ жыл бойы талқылануда. С. Ахметовтың ойынша, ол объективті мінезге ие.

«Көтерме сауда бағасына біз оң қарауымыз керек. Сол себепті, бұл сұрақ жыл бойы талқыланып қана қойған жоқ, ҚР-да көтерме сауда бағасын енгізу шешімі қабылданды. 2014 жылдың 1 мамырынан бастап газға көтерме сауда бағасы енгізілетін болады. Бұл барлық аймақтарды газбен жабдықтайды», - деді Премьер-Министр.

«Бұл орайда мен Мұнай және газ министрлігіне өзге қызығушылық танытқан компаниялар мен органдардан керекті құжаттарды рәсімдеуді тапсырамын», - деді С. Ахметов. 




Яндекс.Метрика