Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

С. Ахметов: Қазақстанда газ өндіру стратегиясын әзірлеу керек

Қазақстанда мұнай өндіру стратегиясын жасақтауды жылдамдатып, көгілдір отынды өндіру бойынша стратегияға ден қою керек, деп Мұнай және газ минстрлігінің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов хабарлады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 17:40

«Біз маңызды стратегияның бірі ретінде газ өндіруді атадық. Егер біз бүгінде мұнай туралы біршама мәліметтерді алатын болсақ, газ туралы мәліметтерді мемлекет нақты білуі тиіс. Яғни, қаншама көгілдір отынды тұтынамыз, қанша газ біздің меншігімізде және оны қандай салаларда – мұнай химиясы, өндіріс, энергетикада пайдаланатын боламыз. Бір сөзбен айтқанда, көгілдір отын туралы стратегия бізге ауадай қажет», - деді С. Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, Елбасының қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша мәселелер ҚР Президенті жанындағы Мұнай газ комиссиясының отырысында қаралады.

«Бізге Қазақстанда мұнай бойынша стратегияны жасақтауды өз деңгейіне жеткізіп, көгілдір отынды өндіру бойынша стратегияға ден қою керек», - деп Серік Ахметов атап өтті.

 




Яндекс.Метрика