Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2022 жылға қарай «ҚазМұнайГаз» мұнай қоры бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы 16 компаниясының қатарына енуді жоспарлап отыр – Қ.Исқазиев

2022 жылға қарай «ҚазМұнайГаз» мұнай қоры бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы 16 компаниясының қатарына енуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Астана қаласы27 Қаңтар , 17:34

«Бұл компанияның ағымдағы 812 млн тоннадан алынып жатқан қордың 1,4 млрд тонна сұйық көмір қышқыл өндірісінің артқанынының көрінісі. Сонымен қатар, бұған 797 млрд теңге инвестиция тартылады. Аталмыш қаражат жерді барлау жұмыстары мен бұрғылау жұмыстарына жұмсалмақ. Сонымен қатар, зертету-барлау жұмыстары да қолға алынбақ», - деді Исқазиев.

Айта кету керек, 2013 жылы тиімді жер барлау жұмыстарының нәтижесінде алынатын мұнай көлемі 100 млн тоннаға дейін артып, оған хазар мен Қаламқас теңіз кен орындарының бірлескен жобалары есебінен алынған.

«Сонымен қатар, «Жамбыл» теңіз нысанында мұнай атқыламасы табылған. Жалпы, компанияның алға жоспарлаған барлық жұмыстары өз уақыттарымен орындарын тапты. 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясы дамуының Стратегиялық жоспары аясында жұмыстар жалғасын таппақ», - дейді Исқазиев.

Атап айтар болсақ, компания Каспий теңізі көмірқышқыл ресурстарын игеру жұмыстарына басымдылық бермек. Басты мақсат Қазақстанда үшінші МӨЗ құрылысын қолға алу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау.

«2014 жылға жоспарланған компанияның мұнай өндіру көлемі 22,6 млн тоннаны құраса, мұнайды өңдеу көлемі 39 пайызға артып, 22,3 млн тоннаны құрамақ. Мұнай тасымалдау жоспары 72,2 млн тонна болса, газды тасымалдау көлемі 3%  артып, 14 млрд текше метрге жетіп отыр», - деді Исқазиев.




Яндекс.Метрика