Ұлттың денсаулығы

Сочи Олимпиадасында бірінші орын алған қазақстандық спортшыға 250 мың доллар гонорар қарастырылған – Е.Қанағатов

Сочи Олимпиадасында бірінші орын алған қазақстандық спортшыға 250 мың доллар гонорар қарастырылған. Бұл туралы бүгiн Астанада қазақстандық делегацияның шеф-де-миссоны - ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлiм еттi.
Астана қаласы27 Қаңтар , 17:15

«Бірінші орын үшін - 250 мың доллар, екінші орын үшін - 150 мың доллар, 75 мың - үшінші орынға беріледі. Осылай алтыншы орынға дейін бара береді (30, 15, 5). Осындай қаржыға спортшылардың бас бапкерлері де алатын болады. Жалпы Олимпиадада алтыншы орынға дейінгі орындар жүлделі деп саналады», - дейді Е.Қанағатов.

 Қазақстанның спортшылар делегациясын Олимпиада ойындарында 102 адам құрайтын болады. Соның ішінде 50-і спортшы болса, 31 жаттықтырушы қызмет көрсетушілер, 6 дәрігер мен массажшылар бар. Тағы 5 адам спортшылардың және сомандаларды үйлесітіру ісімен айналысса, тағы 5 ресми өкіл бар.

Естеріңізге сала кетейік, Сочи-2014 Олимпиадасына әлемнің 90 елінен 3000 –дай спортшы мен команда мүшелері қатыспақ. Олардың арасында 15 олимпиада ойындары бойынша 98 комплект бәске салынады.




Яндекс.Метрика