Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2013 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының табысы 450 млрд-тан астам теңгені құрады – Қ. Исқазиев

2013 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының таза табысы 456,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен мұнай және газ министрлігінің алқа отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев хабарлады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 16:37

« «ҚазМұнайГаз» компаниясының табысынан бөлек қаржылық қызметін 3% немесе 107,2 млрд теңгеге көтерді. Бұған мұнай өнімінің табысы, оның ішінде мұнай бағасына әсер ету, мұнайды тасымалдау мен магистральды құбырлардың табысы әсер етіп отыр», - деді Қ. Исқазиев.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 2013 жылы компанияның таза кірісі 456,8 млрд теңгені құрады, ол жоспардағы көрсеткіштен 37 пайызға жоғары.

Қ. Исқазиевтің айтуынша, өнімділік бағдарламасының орнатылуымен мұнай бағасының жоспарын қосқанда 2014 жылы «ҚазМұнайГаздың» табысы 334 млрд теңгеге жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика