Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2014 жылдың соңына дейін «Бозой-Бейнеу» газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталады - Ұ.Қарабалин

2014 жылдың соңына дейін 311 км созылған «Бозой-Бейнеу» газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР МГМ басшысы Ұзақбай Қарабалин ведомствоның кеңейтілген отырысында хабарлады.
Казахстан27 Қаңтар , 16:25

«Есептік кезеңде Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 500 -ден астам елді-мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, газды батыс аймақтардан оңтүстікке тасымалдау бойынша стратегиялық міндеттерді шешетін ірі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұдан басқа, 2014 жылдың соңына дейін 311 км созылған  «Бозой-Бейнеу» газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталуы тиіс», - деді Ұ. Қарабалин.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 қазан айында «Бозой-Шымкент» учаскісі жүргізу-режимінде пайдалануға берілді.   Ал, сол жылдың желтоқсан айында нысан мемлекеттік қабылдаудан өтті.




Яндекс.Метрика