Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы АҚШ елшісін қабылдады

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Астана қаласы01 Наурыз , 00:00

К.Фэйрфакс соңғы жылдары көптеген салада американ-қазақстан ынтымақтастығының жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекетаралық қарым-қатынастар анағұрлым жаңа сапалық деңгейге көтерілді, бұл екі елдің сауда-экономикалық көрсеткіштерінен байқалды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы саяси мәселелер бойынша стратегиялық серіктестіктің орнықты сипатын, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың серпінді дамып келе жатқанын атап көрсетті. 

Кездесуде қазақстан-американ ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға байланысты бірқатар маңызды мәселелер қозғалды.




Яндекс.Метрика