Ұлттың денсаулығы

Қазақстанның Олимпиада құрамасының құрамына 50 спортшы енді

Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды. Бұл туралы бүгiн Астанада қазақстандық делегацияның шеф-де-миссоны - ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлiм еттi.
Астана қаласы27 Қаңтар , 16:10

 «Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның спорттың 10 түрі бойынша 50 спортшысы жеңiп алды. Салыстыру үшін айта кетейік, 4 жыл бұрын Ванкуверге еліміздің намысын қорғау үшін 37 спортшы аттанған еді. Олар спорттың 8 түрінен өнер көрсеткен», - деді Е.Қанағатов.

Оның айтуынша, Қазақстанның спортшылар делегациясын Олимпиада ойындарында 102 адам құрайтын болады. Соның ішінде 50-і спортшы болса, 31 жаттықтырушы қызмет көрсетушілер, 6 дәрігер мен массажшылар бар. Тағы 5 адам спортшылардың және командаларды үйлесітіру ісімен айналысса, тағы 5 ресми өкіл бар.

«Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан - 2, фристайл могулдан - 5, фристайл акробатикадан - 4, шорт-тректен - 6, конькимен жүгiруден - 6, сноубордтан - 1, тау шаңғысынан - 4, шаңғымен секiруден - 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар, олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы мен сервисмендер барады. 

Спортшылар үш олимпиадалық қалашықта: тау шаңғысы, жағалаудағы олимпиадалық және қосымша тау бөктерiндегi қалашықтарда тұратын болады. 

Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап барады.




Яндекс.Метрика