Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Мұнай және газ министрі жақындағы бесжылдықтың 7 басты бағытын жариялады

Бүгін Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин жақындағы бесжылдықтың 7 негізгі бағытын жариялады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 16:06

«Бесжылдықтың жүйелі жұмысы негізгі 7 бағытқа арналған. Бұл: табиғи байлық саясатын  жетілдіру, мұнай өндірудің тиімді жоспары, газ саласының әлемдік пішінге сай келуі, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын белсенділету, ғылыми-технологиялық ғылымды дамыту арқылы жаңа секторлардың пайда болуы», - деді Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтарындағы Жолдауында айтылған мұнай саласына байланысты тапсырмалар 2014 жылы министрлік атқаратын қызметтердің негізіне айналуы тиіс. Сондай-ақ, табиғи ресурстарды басқаруға арналған ұзақмерзімді уақытты қамтитын тиімді тұжырымдаманың стратегиялық жоспарына айналуы тиіс. 




Яндекс.Метрика