Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан мен Ресейдің қазынашылары ақпараттық технологияларды қолдану мәселесін талқылады

Ресей Федерациясының қазынашылығы мен ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті өкілдері кездесіп, ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесін талқылады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 15:10

Кездесу Қазақстан қазынашылығының құрылғанына 20 жыл толуына орай және екі жақты халықаралық байланыстар және тәжірибе алмасуға бағытталды. Ресей қазынашылығының делегациясын Ресей Федералдық қазынашылығының басшысы Роман Артюхин бастап келді.

Ресей Федералдық қазынашылығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің арасындағы халықаралық байланыстар және тәжірибе алмасуға бағытталды. Бұл кездесу 2013 жылғы 24 сәуірде Киев қаласында қол қойылған техникалық әріптестік туралы Меморандум аясында жүзеге асты.Ресей қазынашылығының делегациясын Ресей Федералдық қазынашылығының басшысы Роман Артюхин бастап келді.

Кездесу және Қазақстан қазынашылығының жобаларын презентациялау  барысында Қазақстан мен Ресей қазынашылығы қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды қолдану, аумақтық бөлімшелер қызметін дистанциялық бақылаудың артықшылықтары мен жетістіктері, мемлекеттік мекемелерде есепке жатқызу әдісі бойынша бухгалтерлік есептеуді және қаржылық есептілік құруды енгізу мәселелерін талқылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелерге «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесі толықтай енгізілді. Бұл жүйе арқылы қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде онлайн-режимде 13 мыңнан артық мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі.

 Қазынашылық жүйесінде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі, 5 мыңнан астам шоттар ашылды, Қазынашылық жүйесінің 3,5 мыңға жуық пайдаланушылар бар.  2013 жылдың шілдесінен бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің шоттары ашылып, қызмет көрсетіле бастады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика