Жастарға үндеу

Жастар саясатын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2013 жылы 1,5 млрд теңге бөлінеді - ҚР БҒМ

Казахстан26 Ақпан , 00:00

«2013 жылы республикалық бюджеттен жастар саясатын қаржыландыруға 1,5 млрд теңге, оның ішінде әлеуметтік тапсырыс бойынша 590 млн теңге қарастырылған», - деді Б.Жұмағұлов.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттен 2 млрд-тан астам теңге, оның ішінде әлеуметтік тапсырыс бойынша 940 млн-нан астам теңге қарастырылған.
«Бұл 2010 жылдың көрсеткіштерінен 2 есе артық, және ол көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді», -деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен ҚР Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі ҚР Мемлекеттік жастар саясатының «Қазақстан-2020»: Болашаққа айқын жол» тұжырымдамасы талқыланды. 




Яндекс.Метрика