Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда сот корпусын 450 бірлікке ұлғайтады - А. Қасымов

Қазақстанда сот корпусын 450 бірлікке үлкейтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Жоғарғы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов хабарлады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 13:30

«Сот жүйесіне қысым жоғары болғандықтан өңір қазылары айына 100 істі қарауға тура келеді. ҚР Президенті қазылардың санын көбейту шешімін қабылдады. Бұл сұрақ ағымдағы жылы түбегейлі шешілетін болады», - деді А. Қасымов.

Жоғарғы сот алқасы төрағасының айтуынша, сот корпусының  үлкеюі кезең кезеңмен жүзеге асады, олардың өсімі 450 бірлік.

«Демек, бұл бірліктер аудан сотына дейін жеткізіледі, конкурстар өткізіліп, тағайындаулар болғаннан кейін қазылар өз істеріне бірден кіріседі», - деді А. Қасымов. 




Яндекс.Метрика