Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Халық сот төрағалығына үміткерлерді талқылауға белсенді атсалысуы керек - А. Қасымов

Қазақстандықтар сот төрағалығына үміткерлерді талқылауға белсенді атсалысуы керек, деп ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Жоғарғы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов ағынан жарылды.
Астана қаласы27 Қаңтар , 12:50

«Сот төрағалығына үміткерлердің аты жергілікті басылым беттеріне жарияланатын болады. Осыған орай, біз халық олардың кандидатураларын талқылауға атсалысса деп едік. Ол үшін тұрғындар басылымдарға немесе тікелей бізге олар туралы ойларын бүкпесіз жіберсе болады», - деді Ақылтай Қасымов.

Жоғарғы сот коллегиясының төрағасы  Ақылтай Қасымовтың айтуынша, басты мақсат сот жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

«Біз сот төрағаларын таңдау барысындағы ашықтық пен демократиялық тәртіпке негізделген сот ұйымдарындағы кадр концепциясын бекіттік», - деп А.Қасымов мәлім етті.

Оның айтуынша, болашақта анонимді түрде сауалнама жүргізу мәселесі де қаралып жатыр. 

«Дәл осы тәсілді жеке рейтинг түзу барысында және қызметке тағайындау және кадрлық резервті жасақтау барысында қолдануға болады», - деп  Ақылтай Қасымов түсіндіріп өтті. 




Яндекс.Метрика