Басқару

2013 жылы Қазақстан соттары 1 млн-нан астам істі қарады – А. Қасымов

2013 жылы Қазақстан соттары 1 млн-нан астам істі қарады. Бұл туралы ОКҚ-нің отырысында Жоғарғы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қаңтар , 12:30

«Статистикалық мәлімет бойынша, республика соттарына 1 млн-нан астам өтініш пен іс келіп түскен, ол 2012 жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Сараптаманың қорытындысы республика бойынша 99 пайыз енген актілер заңды және орынды болып есептеледі. Ғылыми сараптама жұмыстарының нәтижесі қылмыстық-құқықтық саланың жетілдіруіне әкеліп саяды», - деді А. Қасымов.

Оның айтуынша, бұл орайда қылмыстық-құқықтық саласындағы заңдылықтарды жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты Қылмыстық, Қылмыстық-процессуальдық, Қылмыстық-атқару Кодексінің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің жобалары әзірленіп, енгізілді.

«Президенттің тапсырмасына сай, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа Азаматтық процессуальдық Кодексті әзірлеуге кірісті», - деді А. Қасымов.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика