Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Еліміздегі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ӨДМ мен ҚОСРМ үйлестіріледі – Б. Сағынтаев

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Өңірлік даму министрлігімен бірлесе отырып, салалық «Ауыз су» бағдарламасында жіберген қателіктерді ескере келе су құбырларын жаңғырту жұмыстарын бірлесе жүргізетін болады. Бұл туралы бүгін ҚОСРМ өткен кеңейтілген кеңесте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев хабарлады.
Казахстан27 Қаңтар , 12:16

 «Су мәслесі біз үшін аса маңызды. Сондықтан да 2020 жылға қарай тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуіміз керек. Осы ретте,  Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Өңірлік даму министрлігімен бірлесе отырып, салалық «Ауыз су» бағдарламасында жіберген қателіктерді ескере келе су құбырларын жаңғырту жұмыстарын бірлесе жүргізетін болады. Бүгінде Үкіметте  Ведомствоаралық коммиссия жұмыс істейді. Осы бағыт бойынша аймақтарда жүзеге асырылатын жобалар аталмыш коммиссияның назарынан тыс қалмайды», - деп  Б. Сағынтаев кеңестің кеңейтілген отырысында қадап айтты.

Б.Сағынтаев атап өткендей, Ертеректе, топтастырылған су құбырлары бойынша жобаны бір ведомства жүзеге асырса, екінші министрлік тапсырыс беруші ретінде сыртта қалатын. Нәтижесінде, халыққа ауыз су жетпейтін.

«Осындай келеңсіз жайттар болмас үшін, осы жобаны жүзеге асыруды екі министрлікке бірдей мінддеттеп отырмыз. Сондай-ақ, бұл жергілікті билік органдарыда атсалысатын болса, аймақтық саясат комиссиясы жобаларды бекітіп, оның іске асыру барысын қатаң назарда ұстайды», - деп ол түсіндіріп өтті. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Ақ бұлақ» және «Ауыз су» бағдарламалары қатаң сын тезіне ұшырауда.

 «ӨДМ мен ҚОСРМ жобалау, құрылыс және гидротехникалық технкаларды орнату  жұмыстарын бақылауды күшейту керек. Елімізде магистралды және су үйлестіруші каналдардың 40% көңіл көншітпейді. Тек, ОҚО-дағы 12 280 км созылған каналдардың 18% жөнге келтірілген. Бізге су жоғалту көрсеткіштерін төмендету мақсатында қысқа мерзімде жер суарғыш каналдарды жөнге келтіру керек.», - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанға көршілес елдермен бірге трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша ортақ мәмілеге келген жөн. 




Яндекс.Метрика