Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2014 жылы Қазақстанда биологиялық ресурстарды дамыту мен сақтау Тұжырымдамасы дайындалады – Н.Қаппаров

«Жасыл» экономикаға өту шараларының жоспары аясында Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі биыл биологиялық ресурстарды дамыту мен сақтау Тұжырымдамасын дайындайды, деп мәлімдеді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров минисрлік қызметкерлері жиынында.
Казахстан27 Қаңтар , 11:55

«Өткен жылы көп жұмыстарды атқардық және қазір де қалдықтарды өңдеу мен жинаудың кіріктірілген өзіндік жүйесін құру жұмыстарына кірісудеміз. Онда қалдықтардың көлемін азайтуға бағытталған жүйе жұмыс істейтін болады.Осы мақсатта 2013-2050 жылдарға арналған қатты шаруашылық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдараламасы дайындалды», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерліктерде қалдықтардың жиналып қалу мәселелерін шешу үшін 2013 жылдан бастап Экологиялық кодексте жаңа реттеу құралы пайда болған. Барлық кәсіпкерліктер қалдықтарды қайта өңдеу мен пайдалану көлемін арттыру, және қалдықтардың жиналуын азайту бойынша шаралар көрсетілген қалдықтарды басқарудың өзіндік жеке бағдараламасын көрсетуге міндеттеледі.

«Шаруашылыққа қолданылмайтын қауіпті қалдықтарды жою мен басқару мақсатында «Жасыл Даму» АҚ құрылды. Және биыл қауіпті қалдықтарды жою жұмыстары қолға алынады. Бірінші кезеңде Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында іске қосылады», - деді Қаппаров.




Яндекс.Метрика