Инфрақұрылымды дамыту

Астанада бірінші Қазақстандық энерготиімділік орталығының тұсаукесері өткізілді

Бүгін Астанада бірінші Қазақстандық энерготиімділік орталығының тұсаукесері өткізілді, ол біріккен қазақ-неміс жобасы болып табылады. Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау қатысты, ол аталмыш Орталықтың міндеттері туралы айтып берді.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

«Біз қазір энергияны үнемдеу жөніндегі Неміс мемлекеттік агенттігімен біріккен кәсіпорын құрдық, ол халықаралық жүйе бойынша 10 бірінші энергоаудиторды дайындап шығарды. Біз құрылған энерготиімділік орталығының базасында энергоаудиттерді жаппай дайындайтын боламыз. Ал Германияның энергетика және энергияны үнемдеуге қатысты тәжірибесі әлемдегі озық тәжірибелердің бірі екендігін айтқым келеді», - дейді ол.

А.Раудың айтуынша, елдің барлық электр энергиясының 35%-ын 15 қазақстандық кәсіпорын тұтынады, әрине, бұл кәсіпорындармен таяудағы 2013 жылы мақсатты жұмыс жүргізілетін болады. 

«Шын мәнінде, біз бағдарламаны әзірлеу кезінде бюджет және кәсіпорын қаражаты есебінен кен-металлургиялық сектордағы, машина жасау, энергетика саласындағы 4 типтік кәсіпорынға энергоаудит жүргіздік. Бірақ бізде бір проблема бар, заң энергоаудит өтуге міндеттейді, ал білікті энергоаудиторлар жетіспейді, жоқ деуге де болады. Бүгінде барлық нормативтік база әзірленген. Біз үшін бастысы қазір – білікті мамандар мен тиісті жабдықтарды дайындау», - деп қорытындылады ол.




Яндекс.Метрика