Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2013 жылы Қазақстанда қоршаған ортаның эмиссиясына 14 мың рұқсатнама берілді – ҚР ҚОСРМ

Жалпы 2013 жыл бойынша Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі қоршаған орта эмиссиясына 14 мың рұқсат етілім берді, деп ведомство басшысы Н. Қаппаров ҚОСРМ коллегиясының жиынында айтты.
Казахстан27 Қаңтар , 11:40

«Қоршаған ортаға зиян келтіретін заттардың тиімділігін азайту  мемлекеттік экологиялық қадағалау бойынша жүзеге асады. 2013 жыл бойынша атмосфераға белгілі мөлшерден артық лас дүние шықпады. Бұл министрліктің экологиялық заңнаманы қатаң ұстануының арқасы.Сондай-ақ, жоғары экологиялық таза технологияларды қолданудың үлесі», - деді Н. Қаппаров.

Оның айтуынша, 2013 жылы экологиялық заңнаманы бұзған 8 мың тәртіп бұзушылық тіркелді. Сотқа 656 материал жіберілді. 2013 жыл бойынша айып пұл арқасында мемлекет қазынасына 45 млрд теңге түсті.

«Ағымдағы жылы бұл бағытқа көп күш жұмсап, мемлекеттік экологиялық қадағалауды күшейту қажет. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің субьектілеріне әкімшілік қысымды аз түсіріп, экологиялық қауіп төнетін нысандарды бақылауға алу керек», - деді Н. Қаппаров.

Сонымен қатар, 2013 жылы өткізілген қайта құрылымдау аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері көбейді.  Ведомставның мәліметтері бойынша, 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған, оның 4 халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргзіледі

«Мининстрлік қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет тұтынушыларымен көп кездесуіне байланысты сыбайлас жемқорлық мәселесі әлі де ұшығып тұр. Сондықтанда осы бағыттағы профилақтикалық жұмыстарды күшейтіп, жемқорлыққа бой алдырғандарға арнайы жаза беру жүйесін ендірген абзал», - деп Н. Қаппаров атап өтті.  

 




Яндекс.Метрика