Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ҚР-да 2015 жылға қарай елорданың жасыл белдеу аумағы 75 мың гектарға жетеді – Н.Қаппаров

Қазақстанда 2015 жылға қарай елорданың жасыл белдеу аумағы 75 мың гектарға жетпек, деп мәлімдеді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров министрлік қызметкерлері жиынында.
Астана қаласы27 Қаңтар , 11:25

«Қазақстан-2050» Стратегиясында және Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында орман шаруашылығына айрықша мән беріледі. Астана айналасына жасыл белдеу құру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы ағаш егу жұмыстары 5 мың гектар жерге жасалды. 2015жылға қарай елорда айналасындағы 75 мың гектар жерді жасыл белдеуге айналдыру көзделген», - дейді министр.

Жалпы, 2013 жылы 67,4 гектар жердің орманын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. 2014 жылы бұл көрсеткішті 54 мың гектарғға арттыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «жасыл экономикаға» өту шаралары жоспары аясында министрлік биыл биологиялық ресурстарды дамыту мен сақтау тұжырымдамасын және экономиканың орман секторын дамыту бағдарламасын дайындайды.

«Өткен жылы көп жұмыстарды атқардық және қазір де қалдықтарды өңдеу мен жинаудың кіріктірілген өзіндік жүйесін құру жұмыстарына кірісудеміз. Онда қалдықтардың көлемін азайтуға бағытталған жүйе жұмыс істейтін болады. Шаруашылыққа қолданылмайтын қауіпті қалдықтарды жою мен басқару мақсатында «Жасыл Даму» АҚ құрылды. Және биыл қауіпті қалдықтарды жою жұмыстары қолға алынады. Бірінші кезеңде Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында іске қосылады», - деді Қаппаров.




Яндекс.Метрика