Су ресурстарына арналған жаңа саясат

ҚР ҚОСРМ 2014 жылы балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын дайындайды

ҚР Қоршаған орта және су ресрустары министрлігі 2014 жылы балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын дайындайды, деп мәлімдеді министр Нұрлан Қаппаров Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі қызметкерлерінің жиынында.
Казахстан27 Қаңтар , 11:15

«Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыру жоспарына сай, 2014 жылы тауарлық балық асырауды дамыту мен балық шаруашылығы су қоймаларының ресурстық әлеуетін тиімді қолдану мен іске асыруға, сақтауға бағытталған шаралар кешені қарастырылған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын дайындауымыз керек. Бұл өте тиімді және пайдалы «жасыл» технология», - деді министр.

Оның айтуынша, соңғы 8 жылда балық ресурстары өндірісі бойынша атқарылған шараларға жеке капиталдан 10,2 млрд теңге инвестиция тартылған.

Министрдің мәлімдеуінше, Каспий теңізі су биоресурстары бойынша комиссия аясында балықтың бекіре түрін аулаудың бесінші кезеңдік  енгізу бойынша мәселелер дайындалуда. Өз тарапынан Қазақстан тыйым салғаны да анық.

«Атырау және Орал-Алатау бекіре тұқымдас балық зауыттары тарапынан табиғи қоректенуге өткен жылы 7 млн тонна балық жіберілген. Енді өзге де балық түрлерін сақтау шараларын қолға алу көзделуде», - дейді министр.




Яндекс.Метрика