Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

ҚР ХҚКО-да 25 жаңа қызмет «пилоттық түрде» іске қосылды

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық ХҚКО-да пилоттық түрде 25 жаңа қызмет қолжетімді болды.
Казахстан27 Қаңтар , 10:30

ХҚКО-на білімі туралы құжаттың телнұсқаларын, қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат құжатын, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат алу үшін жүгінуге болады.

Осылайша, бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарында 171 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Мысалға алғанда, 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсететін, ал 2012 жылы олардың саны 113-ке дейін өскен.

«Ұсынылатын қызметтер санының өсуі көбінесе азаматтар кеңесшінің қызметін басқа жұмыс үшін «жеңілдетіп отырып», өз бетінше қызметтерді алатын «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету алаңдарын енгізген соң мүмкін болды» - деп, автоматтандыру және ХҚКО қызметін ұйымдастыру бойынша бас директордың орынбасары Әсемгүл Серікқызы Балташева атап өтті.  

 Балташева сонымен бірге ХҚКО-на жаңа қызметтерді енгізу бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

Сондай-ақ клиенттерге ыңғайлы болу үшін аталған қызметтер жаңа стандарттар бойынша көрсетілетінін атап өту қажет. Осы қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде жаңа стандарттарға сәйкес азаматтар көптеген құжаттарды ұсынудан босатылып, қызметтерді тезірек алатын мүмкіндікке ие  болады.  

Қазір бұл стандарттар қарастырылуда. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-да ортақ негізде көрсетілетін болады. 

 

 




Яндекс.Метрика