Кедендік одақ

Қазақстан өз алдына қойған мақсаттарына жету жетістігін әлемдік бірлестікке тұңғыш рет дәлелдеп отырған жоқ – И. Клещук (Беларусь)

Қазақстан өз алдына қойған мақсаттарына жету жетістігін әлемдік бірлестікке тұңғыш рет дәлелдеп отырған жоқ. Ол өзінің еңбексүйгіштігі мен дана халқының арқасында осынай жетістікке қол жеткізіп отыр, деп Беларусь Республикасының Ұлттық палата өкілдерінің депутаты, Қазақстанның Парламентімен бірге жұмыс істейтін топтың мүшесі, Беларусьтегі Қазақстанның Достар клубының мүшесі Инесса Клещук есептейді.
Әлемде27 Қаңтар , 09:45

« ҚР Президентінің кезекті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы меніңше, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – 30 дамыған елдің қатарына ену мақсатына бағыттау. Ол келер жылға қойылған арнайы, нақты бағдарламалар тізбегін көрсетеді», - деді И. Клещук.

Беларусьтік депутаттың пікірінше, керекті көрсеткішке жетудің негізі – ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру.

«Осы жолғы Жолдауда дәстүрлі салалардың дамуына көп көңіл бөлінген: агроөндірістік кешен, шағын және орта бизнестің дамуы, Жалпыға бірдей еңбек қоғамы негізінде жақын арадағы кешенді жоспарлар, Астана мен Алматы қалаларында агломерацияның қабылдануы, атом электростанциясы мен мұнай өңдеу зауытының құрылысы», - деді И. Клещук.

 Сонымен қатар, Жолдауда әлеуметтік блоктың нығайтылуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың әлеуетін арттыратын болады, дейді  И. Клещук.

«Қазақстан кезекті рет Жолдауда айтылған міндеттемелер мен тапсырмаларға өзінің еңбегімен және халық даналығымен жете алатынын әлемдік қауымдастықтарға дәлелдеп отыр. Менің ойымша, халықтың әлеуетін арттыра отырып қана Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі болып табылатын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына жете аламыз», - дейді И. Клещук.




Яндекс.Метрика